Қазақстан біріншілігінің үздіктері марапатталды
Елордада Қазақстан Премьер-лигасының 2019 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша ең үздік футболшылар мен бапкерлер марапатталды.
Үздік ойыншы - Марин Томасов («Астана»),
Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»),
Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»),
Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»),
Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов («Ақтөбе»),
Үздік бапкер – Стойче Младенов («Қайсар»),
Үздік гол - Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы").
Сондай-ақ, алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Адеринсола Эсеола мен елордалық "Астананың" көшбасшысы Марин Томасов Қазақстан премьер лигасының үздік сұрмергені атағын бөлісті.