Конфедерация кубогінде кімдердің бағы жанды?

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокс, күрес түрлері, дзюдо, таеквондо, карате және қазақ күресінен 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеңімпаздары анықталды. 

Боксшылар бәсекесінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері топ жарды. Оңтүстіктік боксшылар финалда елордалықтарды 5:3 есебімен жеңді.

Грек-рим күресінде шымкенттік балуандардың бағы жанды. Олар шешуші бәсекеде Алматы облысынан басым түсті.

Каратэшілер сынында Алматы қаласы көш бастады. Ақтық сында Маңғыстау облысының спортшыларын 3:2 есебімен жеңіп, Конфедерация кубогінің 2019 жылғы жеңімпазы атанды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек түрін меңгергендер аталмыш додаға алғаш рет қатысты. 

Таеквондошылар бәсекесінде де алматылықтарға тең келер ешкім болмады. Олар финалда Алматы облысының командасын 89:73 есебімен ұтты. 

Қазақ күресінен Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын «Қызылжар Арландары» клубы Конфедерация кубогінде жеңіске жетті. 

Жылдағы дәстүр бойынша, Конфедерация кубогін дзюдошылар додасы аяқтады. Татами төрінде Шығыс Қазақстан спортшылары ешкімге дес бермеді. Олар финалдық бәсекеде ақтөбеліктермен кубокке таласқан болатын. Финалда ШҚО өкілдері 4:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жарыс соңында спортшылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды