Зальцбургтегі ойын қалай аяқталады?

10 желтоқсан күні УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында «Зальцбург» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды. «Ред Булл Аренасында» өтетін ойынды сағат 23:45-тен бастап тікелей эфирде көре аласыздар. 


Ағылшын жеріндегі матч 4:3 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. Алайда австриялық клуб оңай шағылатын жаңғақ еместігін аңғартты. Бұл топта сенсация орын алуы ғажап емес. Аталмыш турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алатын командалар мен Еуропа лигасына аттанатын клуб әлі анықталған жоқ. 


Австриялық ұжым 5 турдан кейін 7 ұпай жинап, ІІІ орында келеді. Джесси Марш шәкірттері 5-турда бельгиялық «Генкті» 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Топтағы басты қарсыласы «Наполиге» алғашқы ойында есе жіберіп, жауапты кездесуде тең ойнады. 


Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы чемпионы «Ливерпуль» 10 ұпаймен көш басында келеді. Анчелотти ойыншыларынан 1 ұпай, ал «Зальцбургтен» 3 ұпай ғана алда келеді. Алайда Клопп ойыншылары италиялық «Наполимен» өткен қос ойында да ұпай жоғалтты. Алғашқы кездесуде ұтылып, 5-турда тең түсті.

  

Өткен жылы да «Ливерпуль» топтық кезеңде бірқатар қиындыққа тап болды. Алайда Алиссон мен Салах сынды ойыншылардың шеберлігі Клоппқа плей-офф жолдамасын алып берді. 


Е квартетінде қай команда топ жарады? Сенсация орын алуы мүмкін бе? Клопп алғашқы минуттан алаңға кімдерді шығарады? Чемпиондар лигасындағы тұңғыш америкалық бапкер Джесси Марш жергілікті жанкүйерлерді қуанта ала ма? 


Қызыққа толы тартысты кездесуді 10 желтоқсан күні сағат 23:45-тен бастап «QAZSPORT» телеарнасынан көріңіздер.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды