Қазақстан боксшыларының 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Амманда (Иордания) Азия елдері мен Мұхит аралдары үшін Токио олимпиадасына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Сайыс барысында Олимпиада ойындарының 63 жолдамасы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасының боксшылары 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жеребеге сәйкес отандастарымыздың көпшілігі жарысты екінші іріктеу кезеңнен бастайды.

4 наурыз күні бірінші болып Дәметкен Келімбет (57 кг) рингке қытайлық Инь Юнхуамен шығады, ал Римма Волосенко(60 кг) үндістандық Симранджиткаур Баатпен кездеседі.

5 наурызда Закир Сафиуллин (63 келі) ирактық және қытайлық боксшылар арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасса, Әбілхан Аманқұл (75 келі) кореялық және тәжікстандық спортшылар арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Ал Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Жаңа Зеландия-Жапония боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

6 наурызда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Моңғолия-Катар спортшылары арасындағы жеңімпазбен шықса, Валентина Хальзова (69 келі) кореялық Сьюён Чоймен күш сынасады. Ал Надежда Рябец (75 келі) өзбек спортшысы Навбахор Хамидовамен кездеседі.

7 наурыз күні Сәкен Бибосынов (52 келі) жапон және қырғыз жұбының жеңімпазымен бақ сынасады. Ал Серік Теміржанов (57 келі) ирактық Аль-Суданимен, Ангелина Лукас (51 келі) тай спортшысы Ютамас Йитронгпен кездеседі.

8 наурызда ауыр салмақтағы жекпе-жектер басталады. Василий Левит (91 келі) Тәжікстан-Моңғолия жұбындағы жеңімпазбен шықса, Қамшыбек Кункабаев (+91) Иран-Қытай спортшылары арасындағы кездесудің жеңімпазымен қолғап түйістіретін болады.

Олимпиадаға іріктеу турнирін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде 4-ші наурыз күні сағат 21:00-де көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды