Қорытынды: Нұрдәулетов пен Левит жеңімпаз атанды
Иордания астанасында бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды. Финалға шыққан 4 боксшымыздың екеуі жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды. 81 келіге дейінгі салмақтың шешуші жекпе-жегінде Бекзат Нұрдәулетов австралиялық Пауло Аокусоны жеңіп алтыннан алқа тақты.
91 келідегі Василий Левит жаңа зеландиялық Давид Никамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Өкінішке орай, 63 келі салмақтың финалында өнер көрсеткен Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Эльнур Абдраимовқа есе жіберсе, 75 келідегі Әбілхан Аманқұл филиппиндық Эумир Марсиальдан ұтылып қалды.
Командалық есепте екі алтын, 2 күміс, 4 қола жүлдемен Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Ерлер барлық салмақта жолдама алса, әйелдер құрамасы Надежда Рябецтің жалғыз лицензиясын қанағат қылды. Қалған 4 салмақтағы жолдаманы Ерік Алғабектің шәкірттері әлемдік лицензиялық турнирде алуды жоспарлап отыр.
Автор: Турлыжан Айтенов
Фото: Данияр Майлыбаев