УЕФА мен ҚФФ «мектептегі футбол» бағдарламасын жалғастырды

Халықаралық білім беру бағдарламасы әлеуметтік және білім беру құралы саналады.

Бағдарлама алғаш рет 2017 жылы іске қосылды.

Қазақстанда жобаның алғашқы бөлігі ретінде «Футбол сабағы» жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды. Бұл арқылы орта білім беру мектептерінде бапкерлердің технологиясымен әдістеме оқыту жүйесі қолға алынды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған білім беру дәрістері ұйымдастырылды. Ұстаздар жас футболшыларды дайындаудың қыр-сырын үйренді.

«Мектептегі футбол» бағдарламасының жаңа кезеңі 2020-2024 жыл аралығына жоспарланған.  Жоба УЕФА құрамына енген елдерде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Бұқара футболы хартиясының» бір бөлігі болмақ.

Бұл бағытта жасалатын кезекті қадамдардың қарсаңында UEFA Share тақырыптық вебинары өтті.

УЕФА-ның халықаралық сарапшылары Джейми Хоучен мен Стюарт Грив онлайн кездесуді жүргізді.

Қазақстан футбол федерациясынан Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері қатысты.

«Білім беру мектептерінің маңызды бір бөлігі футбол қауымдастығы саналады. Спорттың бұл түрімен балалар мектепте алғаш рет шұғылдана бастайды. «Мектептегі футбол» бағдарламасы балалардың жақсы қабылдауын мақсат етеді. Әрі қарай олардың футбол мектептеріне баруына ынталандырады. Сонымен қатар, бағдарламаның әлеуметтік және білім беру құралы ретінде маңызы зор. Футбол клубтары мен орта мектептерді байланыстырады. Кәсіпқой ойыншылар мен бапкерлерді волонтерлық қызметке тартады», - дейді ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

«Бағдарлама әр баланың қолайлы және қауіпсіз ортада футбол ойнауын қамтамасыз етеді. Білім беру мектептері жынысына, нәсіліне, сеніміне және балалардың шеберлік деңгейіне қарамай ынтымақтастық жүргізу нағыз серіктестігі саналады», - дейді ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің бас маманы Данияр Әнес.

«Футбол сабағы» жобасы біздің елімізде Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ортақ күшімен жүзеге асырылып жатыр. «Мектептегі футбол» бағдарламасының жаңа аспектілері УЕФА құрамына енетін мемлекеттердің білім беру министрліктері мен ұлттық қауымдастықтардың ынтымақтастығын жалғастыруды қарастырады.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарлама Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының жетекшілері мен сарапшыларының тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Қазіргі уақытта ҚФФ Бұқара футболы, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің қызметкерлері төрт жылға жоспарланған жұмысты аяқтап, әрі қарай жобаны жалғастыру үшін күш салуда.

УЕФА еуропалық тәжірибесі мол сарапшылардың көмегін ұсынады. Жобаны жүзеге асыратын ұлттық қауымдастықтар HatTrick құрлық бағдарламасы аясында қаржылай көмек алады.


Дереккөз: KFF.KZ

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті