Велоспорттан Азия чемпионаты өтпейді
Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды.
Азия велоспорт конфедерациясының хабарлауынша, 2020 жылғы құрлықтық біріншілік болмайды. Конфедерацияның мұндай шешім қабылдауына Covid-19 пандемиясы себеп болған.
Бастапқыда бұл дода 17-22 наурыз күндеріне жоспарланған болатын. Кейін белгісіз мерзімге шегерілген. Жоспар бойынша 2020 жылғы Азия чемпионаты Малайзияның Кибеоджайя қаласында өтуі тиіс еді.