UEFA EURO 2020 ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 матчтарын көрсету құқығын иеленді. 16-шы Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым - 11 шілде аралығында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионаттың барлық ойындарын «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көре алады.

«Телерадиокорпорация футбол комментаторлары үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, 1 ай бойы тікелей эфирде үздіксіз хабар таратуға дайындық үстінде. Телеэфирлерден бөлек, Корпорация сайттарында онлайн көрсетілім жүргізіледі. Әдетте мұндай көрсетілімдер кезінде эфирді онлайн көрушілер саны күрт артады, осыны ескеріп, сайттардың техникалық мүмкіндіктері де күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілуде»,- деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

60 жылдық тарихы бар турнир алғаш рет 11 қалада - Амстердам (Нидерланд), Баку (Әзірбайжан), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Глазго (Шотландия), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Севильяда (Испания) бірдей өтпек.

UEFA EURO-2020 турнирінің финалдық кезеңіне шыққан 24 құрама 6 топқа бөлінген:

A тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария

B тобы: Дания, Финляндия, Бельгия, Ресей

C тобы: Нидерланд, Украина, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы: Англия, Хорватия, Шотландия, Чехия

E тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы: Венгрия, Португалия, Франция, Германия

1/8 финалға әр топтан ең мықты екі құрама мен үшінші орын иеленген төрт үздік команда шығады.

Турнирдің ашылу матчы 11 маусымда Римдегі «Олимпийский» стадионында, ал финалдық кездесу 11 шілдеде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Чемпионат қарсаңында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде сараптамалық бағдарлама жарыққа шығады. Оған спортшылар мен сарапшылар, футбол жанкүйерлері қатыса алады.

Естеріңізге салсақ, футболдан Еуропа біріншілігі өткен жылы өтуі тиіс болған, алайды пандемияға байланысты бір жылға шегерілген еді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде
  • Жаңалықтар
XXXII Жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
  • Жаңалықтар
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясы туралы
  • Жаңалықтар
UEFA EURO 2020 ОЙЫНДАРЫН ОТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРДАН 2,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАМАШАЛАҒАН
  • Жаңалықтар
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы UEFA EURO 2020 көрсетілімін қорытындылады
  • Жаңалықтар
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары «Қазақстан Барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
Журналистер арасындағы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі мәресіне жетті
  • Жаңалықтар
OLIMPBET - UEFA EURO 2020 көрсетілім демеушісі
  • Жаңалықтар
UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» телеарнасы дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді!
  • Жаңалықтар
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан Америка Кубогының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
«Qazaqstan» және «Qazsport» арналарындағы UEFA EURO 2020 матчтарының трансляциялар кестесі жарияланды
  • Жаңалықтар
UEFA EURO 2020 ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
«Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналары УЕФА Чемпиондар Лигасының финалын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» телеарнасы дзюдодан Азия Кубогін тікелей эфирде көрсетеді.
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» телеарнасы хоккейден Қазақстан - Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» телеарнасы дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН Ж.ҮШКЕМПІРОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІ КӨРСЕТЕДІ.