Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстандық теннисшілер анықталды 

Ерлер құрамасының бас бапкері Юрий Щукин сенім артқан жігіттер:

Александр Бублик (әлемнің 34-ракеткасы),

Михаил Кукушкин (159-орын),

Дмитрий Попко (162-орын)

Андрей Голубев (жұптық сында 35-орын),

Александр Недовесов (жұптық сында 76-орын).

Қазақстан құрамасы В тобында Канада және Швеция теннисшілерімен сынға түседі. 27 қараша күні Швециямен, 28 қарашада Канадамен кездеседі.

Дэвис кубогының финалдық матчтары алғаш рет Инсбрук, Мадрид және Турин қалаларында бір мезгілде өтеді. Жарыста алты топқа бөлінген 18 команда бақ сынайды. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алғандар ішінен екі үздік құрама ширек финалға жолдама алады. Жартылай финалға өткендер жүлделі орындар үшін таласумен бірге 2022 жылдың финалдық кезеңіне қатысу құқығына да ие болады.

Дэвис кубогы 1900 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жеңістер бойынша АҚШ құрамасы (32 рет) алда тұр. Ал осыған дейінгі додада испаниялықтар үздік шыққан болатын.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды