«Шахтер» Қазақстан кубогының финалына бір табан жақын
Қарағандылық «Шахтер» ҚР Кубогының жартылай финалында қостанайлық «Тобылды» 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Голдар: Умаев -8 (1:0), Атанаскоски - 14 (2:0), Тағыберген - 45 (2:1) Умаев-45+1 (3:1), Мавутор - 47 (4:1), Сергеев - 58 (4:2),
Тәттібаев 87 - (5:2)
Енді екі команда арасындағы қарымта матч 21 қараша күні Қостанайда болады.
Екінші жартылай финалдық матч ертең АстанаАрена стадионында «Астана» - «Қайрат» арасында өтеді. Ойынды сағат 17:55 те «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.