Елдос Жұмақанов және Отгонцецег Галбадрах спорттық мансаптарын аяқтады

Дзююдодан Қазақстан құрамасының мүшелері Елдос Жұмақанов және Отгонцетцег Галбадрах өздерінің спорттық мансабын аяқтады. Екі спортшы да Азия ойындары мен Азия Чемпионаттарында, сонымен қатар Әлем және Олимпиада ойындарында еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғаған спортшылар.

Отгонцецег Галбадрах 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Оған қоса спортшының еншісінде 2017 және 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдесі мен бірге 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесі және 2016 жылы Азия чемпионы атанған.

Елдос Жұмақанов еліміздің басты құрамасында өнер көрсеткен жылдарында: 2017 және 2019 жылдары Азия чемпионатының күміс жүлдегері,2015, 2016 жылдары сары құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған.

«Бүгін мен өзімнің спорттық мансабымды аяқтаймын, құрама сапында 12 жыл өнер көрсеттім және осы жылдар ішінде жеңіс пен жеңіліс қатар жүріп отырды. Мен Олимпиада комитеті мен дзюдо федерациясының қолдауын сезініп отырдым. Жеке бапкерім мен мені жарыстарға тыңғылықты дайындалуымды қаддағалаған бапкерлерге алғысымды айтқым келеді. Дзюдо - жәй спорт түрі емес, ол философия. Спорттық мансабымды аяқтасам да мен қазақстан спорты үшін еңбек етуімді жалғастыра бермекпін», - деп Елдос Жұмақанов ұлттық құрамадан кетуі жайлы өз ойын білдірді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды