Литвалық клуб Қазақстандық бапкермен өз елінің чемпионы атанды.
«Жальгирис» футбол клубының бас бапкері Владимир Чебурин, Литва біріншілігі аяқталуға бір тур қалғанда «Паневежис» футбол клубын 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Чебурин шәкірттері 35 ойыннан кейін 76 ұпай жинап, екінші орындағы «Судува» футбол клубынан 6 ұпайға ұзап кетті. Осылайша «Жальгирис» Литва біріншілігінде өз тарихында тоғызыншы мәрте топ жарды.
Естеріңізге сала кетейік қазақстандық маман 2016-2019 жылдар аралығында «Судува» футбол клубын баптап, қатарынан үш маусым Литва чемпионатының алтын жүлдесін алған.