Чемпиондар Лигасының ойындары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінен көрсетіледі

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Осы аптапда кәрі құрлықтың үздік клубтары жиналған турнирдің соңғы тур ойындары өтеді. «В» тобында «Ливерпуль» мерзімінен бұрын плэй-офф кезеңіне шығып қойған. Бұл топтан келесі кезеңге берілетін тағы бір жолдама үшін «Милан», «Порту» және «Атлетико» футбол клубтары талас жүргізуде. «В» тобының ойындарын бүгін 01:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар.

«Порту» (Португалия) - «Атлетико» (Испания) - 01:50 «Qazsport» телеарнасында

«Милан» (Италия) - «Ливерпуль» (Англия) - 02:00 «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында

Ертеңгі ойын күні «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде Н тобының қос көшбасшысының бірі лондондық «Челси» Санкт-Петербуртік «Зенит» футбол клубына қонаққа барады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:35-те басталады.

01:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде италиялық «Аталанта» мен испаниялық «Вильярреал» арасындағы ойынды тамашалай аласыздар. Бұл ойынмен паралель «Qazaqstan» ұлттық арнасында мюнхендік «Бавария» мен «Барселона» арасындағы ойын жүреді.                     

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды