Роман Муртазаев - «Шахтер» ойыншысы атанды
Қарағандылық «Шахтер» әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Спорттық мансабын кеншілер сапында бастаған Роман 2013-2015 жылдар аралығында премьер-лигада 66 ойын өткізіп, 9 голдың авторы атанған. Сонымен қатар 28 жасар ойыншы «Тобыл», «Астана», «Ертіс» және Ресей чемпионатының екінші дивизонында өнер көрсететін «Балтика» сапында ойнаған.
Соңғы ақпараттарға сүйенер болсақ, ойыншыға венгриялық «Уйпешт» футбол клубынан ұсыныс түскен.