Беларусь құрамасының ойнышысы «Астана» футбол клубына ауысты
«Астана» футбол клубы Артем Рахмановпен 1+1 жүйесі бойынша келісім- шартқа отырды.
31 жасар қорғаушы Еуропаның бірқатар клубтарында ойнаған. Олардың арасында: эстониялық «Левадия», молдавиялық «Милсами», украиналық «Черноморец» және польшалық «Раков» футбол клубы бар.
Ойыншы өз отанында: «Ислочь», «Славия», «Неман» командаларының ойыншысы болды. Өткен маусымды «Рух» сапында өткізіп, Беларусь жоғарғы дивизионында 23 ойынға қатысқан және 2 гол соққан. Сонымен қатар, Беларусь құрамасы сапында 2 ойын өткізді.