Куба боксшылары ресми түрде кәсіпқой рингте өнер көрсетеді
Куба бокс федерациясы және «Golden Ring Promotions» компаниясымен бірлесе отырып, әуесқой бокста жүрген: Арлен Лопес, Хулио Сезар Ла Крус, Энди Крус және Рониель Иглесиас 20 мамыр күні Мексикада өтетін бокс кешінде кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесулерін өткізеді.
Кездесулер алты раундтан тұруы тиіс. Боксшылардың қарсыластары туралы ақпапат кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, Куба билігі 1962 жылдан бері боксшыларға кәсіпқой рингте өнер көрсетуге тыйым салған болатын.
«Осыған дейін боксшылар басқа елдің азаматтығын алып келді. Бірақ қазір жағдай басқаша. Енді Куба азаматтары кәсіпқой рингке ауысуға мүмкіндік алды» деп Куба бокс федерациясының президенті Альберто Пуига мәлімдеме жасады.