Нұр-Сұлтанда Халықаралық Олимпиада күні аталып өтті

Маусым айының ортасында Ұлттық Олимпиада комитетінің мұрындық болуымен Қазақстан аймақтарында басталған Халықаралық Олимпиада күнінің эстафетасы бүгін елордадағы Триатлон саябағында мерекелік спорт мерекесімен аяқталды.

23 маусым күні Олимпиадалық қозғалысты насихаттау және бүкіл әлемде спортты танымал ету мақсатында Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті әлемде өтіп жатқан акцияның белсенді қатысушысы. Айтулы дата елімізде осымен 29-шы рет мерекеленіп отыр. Бұл жолы Халықаралық Олимпиада күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Балалар жылы аясында аталып өтті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары эстафеталық жарыстарға қатысып, үстел теннисін ойнап, 3х3 баскетбол, текбол сияқты жаңа спорт түрлерінен бақтарын сынап, қазақстандық брейк-данс шеберлерінің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, әртүрлі жастағы балалар арасындағы дзюдо мен таэквондодан көрсетілім жекпе-жектері ұйымдастырылды.

Жас қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын Ұлттық құрама мүшелері мен Қазақстанның атақты спортшылары 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, боксшы Серік Сәпиев, әйелдер күресінен үш дүркін Олимпиада жүлдегері Гүзел Манюрова, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының капитаны, шорт-трекші Абзал Әжғалиев, бокстан 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов, боксшы әрі Олимпиада жеңімпазы Қанат Әбутәліпов және күрестен 2022 жылғы Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова қатысты. 



Жас спортшылар олимпиадалық спорт түрлері тақырыбындағы викторинаға, сондай-ақ «Көңілді старттар» эстафетасына қатысты. Барлығы дерлік спортта өз білімі мен шеберлігін көрсетіп, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бағалы сыйлықтарын ұтып алды.

Мерекелік бағдарлама соңында жақында Францияда өткен мектеп оқушылары арасындағы Дүниежүзілік Гимназиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен ҚР ҰОК дипломдарын қазақстандық Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері салтанатты түрде табыс етті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды