Вахид Масудов қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері
Вахид Масудов өзінің бапкерлік мансабында үшінші мәрте «Шахтердің» бас бапкері атанып отыр. Осыған дейін 2000, 2005-06 жылдары бапкерлік қызмет атқарған.
Өзінің мансабында бірқатар Қазақстан Чемпионатындағы командаларды: «Тараз», «Атырау», «Ақжайық», «Ордабаы», «Ақтөбе», «Мақтаарал» және Қазақстан жастар құрамасында бапкерлік қызмет атқарған.
62 жасар маманның соңғы жұмыс орыны Қазақстан (U-19) құрамасының бас бапкері қызметі болды.