«Astana Open» турнирінің алғашқы жарыс күнінің қорытындысы

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан АТР 500 санатындағы «Astana Open» турнирінің негізгі кезеңі басталады.

Турнир ұйымдастырушылары тарапынан wild card алған жерлесіміз Бейбіт Жұқаев Нидерланд елінің өкілі Ботик Ван Де Заншульпке (#34) есе жіберді. Есеп: 6:1, 6:1.

«Grand Slam» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Станислас Вавринка (Швейцария) француз Адриан Маннариномен (#51) кездесіп, 1:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңілді. Осылайша, Вавринка жарыс жолын аяқтады.

Польшалық Хуберт Хуркач (#10) аргентиналық теннисші Франсиско Черундолоны 6:2, 7:6 (2) жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.

Жарыстың бірінші күні алғашқы сенсация тіркелді. Негізгі кезеңге іріктеу арқылы жолдама алған қытайлық Чжан Чжичьжень әлемнің 39-шы ракеткасы Аслан Карацевті (Ресей) 2 сағат 25 минуттың ішінде 4:6, 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты.

Сәлден соң елорданың орталық кортына канадалық Феликс Оже-Альяссим (#13) Роберто Баутиста-Агутпен (#21) (Испания) шеберлік байқасады.

Сонымен қатар, кешкі сессияда Андрей Рублев (#9) (Ресей) және Ласло Дьере (#76) кездесуі жоспарланған.

Ертеңгі екінші жарыс күнінде: Карлос Алькарас, Новак Джокович, Даниил Медведев және Александр Бублик өнер көрсетеді.

«Astana Open» АТР 500 турнирінің барлық ойындарын 9 қазанға дейін «Qazsport» телеарнасы және qazsporttv.kz сайтынан тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды