Әлем Чемпионатында алғашқы жартылай финалдық жұп белгілі болды

Қатар жерінде өтіп жатқан футбол додасында алғашқы ширек финал ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама аллған қос команда белгілі болды.

Бірінші 1/4 финалдық ойында Әлем Чемпионатының басты фавориті саналған Бразилия құрамасы Хорвтиямен кездесіп, ойын соңындағы пенальти сериясында 2:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Тите шәкірттері қатарынан екінші Әлем біріншілігінде 1/4 финалда сүрінді. 2018 жылы Ресей жерінде Бельгияға жеңілген еді. Ал Златко Далич шәкірттері болса, екінші ойын қатарынан 120 минут өткізіп, жартылай финалда ойнайды.

Екінші ширек финалдық ойында Нидерланд құрамасы Аргентинамен кездесті. Ойынның негізгі уақытында 2:2 есебі тіркеліп, матч соңындағы пенальтиде Месси бастаған жігіттердің жолы болды. Есеп 4:3.

Енді Қатардағы Әлем Чемпионатыың алғашқы жартылай финалында Хорватия және Аргентина құрамалары кездеседі. Ойын 13 желтоқсанға жоспарланған.

Бүгін Әлем Чемпионатының екі ширек финалдық ойыны өтеді. 

21:50. Марокко - Португалия

00:50. Англия - Франция

Екі ойындыда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар!
 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды