Үш дүркін Олимпиада Чемпионы Тедди Ринер Қазақстанда жаттығып жатыр

Франциялық аңыз дзюдошы Тедди Ринер Қазақстанда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрама командалары жаңа маусымды бастады. Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қос құрама Алматы қаласы және Алматы облысында өткізіп жатыр.

Аталған жаттығу жиыны Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болып саналады. Отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем чемпионы, бес дүркін Еуропа чемпионы, Францияның аңыз дзюдошысы Тедди Ринер Қазақстанға келді.

Алматы қаласында Дзюдо академиясында ауыр салмақтағы татами шеберлері жаттығуын өткізіп жатыр, ал Алматы облысындағы «Жаңашар» Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшысы шеберліктерін шыңдауда.

Оқу-жаттығу жиынына 2022 жылғы ел чемпионатының нәтижесі бойынша жасақталған Қазақстан құрамасының дзюдошылары шақырту алған.

Айта кетерлігі, аталған жаттығу жиыны Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов, әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев, франциялық жаттықтыпушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс және Стефан Трайно жетекшілігімен өтуде.

Оқу жаттығу жиыны 22 қаңтарға дейін жалғасады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды