ҚР Дзюдо федерациясы атлеттер мен жаттықтырушыларды марапаттауға 20 млн теңге бөлді
Дзюдо федерациясы 2022 жылы ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерге 4 млн теңгеге дейінгі сомаға сыйлық сертификаттарын табыс етті
Өткен жыл отандық дзюдошылар үшін сәтті болды. Қазан айында Ташкентте өткен әлемчемпионатында қазақстандықтар екі қола жүлде еншіледі. Елдос Сметов ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға табан тіресе, Абиба Абужақынова (48 келі) әлем біріншілігінде әйелдер арасында қола жүлдеге қол жеткізді.
2022 жылдың тамыз айында Астанада өткен құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы толық жүлделер жиынтынтығын еншілеп, 73 келіде Данияр Шамшаев Азия Чемпионы атанды. 100 келіге дейінгі салмақта өнеп көрсеткен Ислам Бозбаев күміс жүлдеге ие болды.
Дидар Хамза, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрлыхан Шархан және Аруна Жангелдина сары құрлық чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Камила Берлікаш қараша айында Бакуде өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, ал Босния мен Герцеговинада кадеттер арасындағы әлемчемпионатында (18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар) 50 және 60 келі салмақ дәрежесінде Диас Жолдыбаев пен Талғат Орынбасар үшінші орын алды. Олардың барлығы қалыптасқан дәстүр бойынша 19 қаңтарда түрлі ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Әлем Чемпионатының жүлдегерлері 4 млн, Азия чемпионы – 2 млн, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері – 700 мың, қола жүлдегерлер – жарты миллион, және Кадет чемпионатының жүлдегерлері – 400 мың теңгеден сыйақы алды.
Ақшалай сертификаттар спорт базасында үздік спортшыларға табысталды. Бұл жерде Қазақстан құрамасы маусымға дайындалып жатыр.
«Бүгін біз өткен жылы үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшыларды марапаттаймыз: Мен, осы лауазымға жаңадан кіріскен федерация президенті ретінде, біздің құрылымымызда бұрыннан қалыптасқан осы бір жағымды дәстүрд іқуана жалғастырамын, - деп ҚР Дзюдо федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеев атап өтті.
– Біздің еліміздің алдындағы ірі халықаралық старт жүлдегерлерінің еңбегін әділ мойындаудан бөлек, бүгінгі марапаттау салтанаты халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғайтын барлық спортшылар, сонымен қатар спортта алғашқы қадамын жасап жатқан жас дзюдошылар үшін жақсы ынталандыру болады депойлаймын. Сонымен қатар, Федерацияда көптеген танымал спортшыларды дайындаған мықты мамандарға сүйене отырып, біздің спортты елде қалай насихаттауға болатындығы туралы дұрыс көзқарас қалыптасқан»,- деді ол.
19 қаңтарда сыйақыларды республиканың жетекші дзюдошылары ғана емес, сонымен қатар 700 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар еліміздің ерлер мен әйелдер ұлттық командаларының бас жаттықтырушылары Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаевқа табысталды. Бүгінде олардың басшылығымен еліміздің 120-ға жуық жетекші дзюдошылары Гран При және Гранд Слэм серияларына, сондай-ақ мамыр айында Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Айта кету керек бұл турнирлерде қазақстандық дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шеңберінде іріктеу ұпайларын жинай бастайды, әрі спортшылар 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс, 2021 жылғы Токио Олимпиадасвның қола жүлдегері атанған Елдос Сметовтың жетістігін қайталап қана қоймай одан да асып түсуге тырысады.