Елена Рыбакина «Australian Open» жарысының финалына шықты

Әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина спорттық мансабында екінші рет «Grand Slam» жарысының финалында өнер көрсетеді. Жартылай финалдық кездесуде еліміздің бірінші ракеткасы Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконы (#24) екі сетте 7:6 (4), 6:3 есебімен жеңді. Елена бірінші сет барысында 5:3 есебімен ұтып тұрған еді. Алайда беларусь теннисшісі есепті теңестіріп, бірінші сет тай брейкке дейін созылды. 

Екінші сетте сенімді ойнаған Лена ойын тағдырын өз пайдасына шешіп, «Уимблдон» турнирінен кейінгі екінші «Үлкен Дулыға» турнирінің финалына шықты. Айта кетейік, «Уимблдон» турнирінің финалында Рыбакина Тунис елінің өкілі Онс Жаберді жеңген болатын. 

Финалдық кездесуде Еленаның қарсыласы тағы бір Беларусь теннисшісі Арина Соболенко болады. Арина төртінші мүмкіндігінен финалға шықты. Осыған дейін Австралияның ашық чемпионатының жартылай финалында үш рет ойнап, жеңілген болатын. Польшалық Магда Линетті 1 сағат 35 минут ішінде 7:6, 6:1 есебімен жеңген Арина спорттық мансабында бірінші рет «Grand Slam» турнирінің финалына шығып отыр.

Рыбакина - Соболенко ойыны 28 қаңтарға жоспарланған. Әйелдер арасындағы финал Астана уақыты бойынша 14:30-да Мельбурн қаласындағы «Род Лэйвер Арена» спорт кешенінде өтеді.

Елена финалға шығуы арқылы әлемдік рерйтингте спорттық мансабында алғаш рет әлемнің 10-шы ракеткасы болады, ал Арина болса 30 қаңтардан бастап, WTA рейтингінде 2-ші орынға көтеріледі.

Егер Елена турнирда жеңіске жетсе, әлемдік рейтингте сегізінші орынға көтеріледі. 

Жартылай финалда жеңілген Виктория Азаренко 16-шы, ал 45-ші орында тұрған Магда Линетт әлемнің 22-ші ракеткасы атанады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды