Әбиба Әбужақынова - Гран-При жеңімпазы, Ғалия Тынбаева - күміс жүлдегер

Бүгін Португалияның Алмада қаласында дзюдодан Гран-При басталды. Тұңғыш рет Гран-При турнирінің тариxында екі қазақ дзюдошысы (48 келі) финалда күресті. Алтын үшін айқаста Әбиба Абужақынова тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны ұтты.

Әбиба Абужақынова іріктеу кезеңінде аргентиналық Кейси Перафан мен сербиялық Андреа Стоядиновты жеңіп, жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда тәжірибелі израильдік Шира Ришонидің жауырынын жерге тигізді.

Ғалия іріктеуде әуелі француз Мелани Вьені, сосын америкалық Мария Селия Лабордені, ширек финалда испан Лаура Мартинес Абеленданы голден-скорда ұтқан. Ал Ғалия Тынбаева жартылай финалда португалиялық Катарина Костаны жеңді.

Жарыстың алғашқы күні татамиге шыққан басқа дзюдошылар нәтижесі:

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуде 18 жастағы жапониялық Ямато Фукудаға есеп жіберді. Осы салмақтағы Қанат Сейілхан үндістандық Виджай Кумар Ядавты ұтқанымен, екінші айналымда украиналық Артем Лесюкке есе жіберді.

Сондай-ақ Сұңғат Жұбатқан мен Айболат Ыстыбай (66 келі), Айгерім Әбілқадырова мен Толғанай Әбеуова (52 келі) іріктеу белдесуінде қарсыласына жол берді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды