Нұрқанат Серікбаев Ташкенттегі Grand Slam додасының финалына шықты

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан Grand Slam жарысының алғашқы күні ұлттық құрама дзюдошылары үшін сәтті өтіп жатыр.

60 келі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жартылай финалдық белдесуде 2019 жылғы Әлем Чемпионы грузиялық Лухуми Чхвимианиді жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Ұлттық құрама мүшесі ширек финалда татами қожайыны Дильшодбек Баратовты жеңді.

Нұрқанаттық финалдағы қарсыласы Ким Вон Джин (Оңтүстік Корея). Финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 18:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде басталады.  

60 келіде белдескен тағы бір отандасымыз Мерей Марханбетов алғашқы айналымнан аса алмады. Сонымен қатар, әйелдер арасында сынға түскен Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі) және Балнұр Құрманбай (57 келі) іріктеу белдесулерінде жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды