Азиада 2022: Кезекті жарыс күнінің қорытындысы

Бүгін ХІХ Жазғы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде кураштан ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Бекәділ Шаймерденов финалда өзбекстандық қарсыласына есе жіберіп, екінші орын алды. Бұл - Ханчжоудағы құрлықтық додада Қазақстан қоржынына түскен бесінші күміс жүлде.

Стенд атудың трап бағдарламасы бойынша командалық сынында ел намысын қорғаған Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова мен Анастасия Прилепина жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Тррап бағдарламасының жекелей жарысында да Мария Дмитриенко 34 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Осылайша, Марина Азияданың екінші қола жүлдесін алды. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңіп – ХІХ Жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі.

Бокстан, күндізгі сессияда жарыс жолына шыққан Наталья Богданова моңғолиялық спортшыны 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Сағындық Тоғамбай – Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 92 келі салмақта бақ сынаған Сағындық, қытайлық спортшыдан айласын асыра алмады.

57 келіде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова моңғол спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға және Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Кешкі сессияда шаршы алаңға көтерілген Ертуған Зейнуллинов, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Баатарсух Чинзоригтен жеңіліп, жарыс жолын ¼ финалда аяқтады. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды