Азиада 2022: Еліміздегі федерациялар есеп берді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай туризм және спорт Министрлігі өткен Азия ойындарының қорытындысы бойынша спорт түрлерінен федерациялардың есебін тыңдауға кірісті.

Ең алдымен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері есеп берді.

Спорт функционерлері палуандардың көрсеткен өнері туралы, сондай-ақ орын алған жағдайды баяндады.

Есеп беру жиынына грек-рим күресінен бас жаттықтырушы Юрий Мельниченко қатыспады. Туризм және спорт министрі федерация басшылығына осы мәселе бойынша ескерту жасап, спортшыларымыздың қанағаттанарлықсыз өнер көрсеткенін атап өтті. Ол спортшылардың әлсіз функционалды және физикалық дайындығына ерекше тоқталды.

«Бірінші периодта күреседі, ал екінші кезеңде демігіп қалады. Жеке дайындық бағдарламасы жоқ. 2024 жылғы Париж олимпиадасында медальға ілігеді деген спортшылардың тізімін құрып, оларға толыққанды жағдай жасау қажет», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Палуандардан кейін су спорты федерациясының өкілдері есеп берді. Су добынан еліміздің әйелдер құрама командасы қола медальді еншілеп, алға қойған жоспарды орындап шықты.

Ерлер құрамасы – Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары бола тұра финалға өте алмады, олар да қола жүлдені місе тұтты. Нәтижесінде 3-орын ватерполшыларымызды алдағы Олимпиадаға берілетін лицензиядан шеттетті.

Бас бапкер Дамир Темірханов Ханчжоудан бір жыл бұрын команда жартылай жаңартылғанын атап өтті. «Көптеген негізгі ойыншылар жасы келгендіктен ұлттық құрамадан тыс қалды, жастар келді, сол себепті ішкі ара ойын өрнегі бұзылды», - деді ол. Енді ұлттық құрамамыз алдағы әлем чемпионатында Парижге берілетін тағы бір мүмкіндік үшін сынға түседі.

Министр суда жүзушілер есебіне қанағаттанарлық баға берді. Азиадада 2 медаль алу жоспары орындалды. Ұлттық құраманың бас бапкері Илья Гусаков алдағы маусымға арналған бағдарламасын ортаға салып, жоспарымен бөлісті. Ол команда мүшелерінің орташа жасы 16-17 жас екенін және оларға үлкен үміт артатынын атап өтті.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды