Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
Милич Чурчич баптайтын «Тобыл» командасы Қазақстан Суперкубогының финалында «Ордабасыны» ойын соңындағы пенальти сериясында жеңді. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 45-минутта соғылған Евгений Макаренконың голына Иван Миладинович 73-минутта жауап берді. Пенальти сериясында Милич Чурич шәкірттерінің жолы болып, (5:4) «Тобыл» өз тарихында үшінші рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетті.
Айта кетейік, биыл алғаш рет Қазақстан Суперкубогы Түркияда өтті.