2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.
«2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп атап өтті Мырзабосынов.
Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Юлия Путинцева Australian Open турнирінің келесі кезеңіне шықты
23.01.2026, 10:41
Александра Скороходова тау шаңғысы спортынан халықаралық турнирде алтын медальға ие болды
23.01.2026, 10:02
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты
22.01.2026, 17:01
Фристайл-акробатикадан Олимпиадаға баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды
22.01.2026, 16:03
Қазақстандық семсерлесушілер Қатарда өтетін Гран-приде бақ сынайды
22.01.2026, 15:32
Биатлоннан 2026 жылғы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
21.01.2026, 16:42
Александр Бублик Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты
21.01.2026, 14:40
Александр Шевченко Australian Open турнирінің 1/32 финалында сүрінді
21.01.2026, 13:05