Дзюдошы Дидар Хамза Ташкенттегі Гран-придің жеңімпазы (ВИДЕО)
Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды. Жарыс барысында 81 кг салмақта бес рет татамиге шыққан Дидар Хамза белдесулердің барлығында жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық дзюдошы моңғолиялық спортшы Дагвасурен Ниямсуренмен тартысты кездесу өткізді. Алдымен қарсыласы вазаримен алға шықса, белдесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда, Дидар таразы басын теңестіріп үлгерді. Қосымша уақытта Д.Хамза жеңіске жетті. Осылайша 21 жастағы жерлесіміз Гран-при турнирінде алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ташкент жарысында Дидар Қазақстан қоржынына бірінші медальді салды.
Жарысты «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетуде.