«Астана» баскетболшылары үш дүркін ел чемпионы атанды

Баскетболдан ерлер командалары арасындағы XXII чемпионаттың финалдық кездесуіндегі үшінші ойын Атырау қаласында өтті. Ақтық сында жергілікті «Атырау барысы» мен «Астана» командалары кездесті. Естеріңізге сала кетейік, ақтық ойындар үш жеңіске дейін жалғасады. Алғашқы екі кездесуде «Астана» баскетболшылары өз алаңында қарсыластарын айқын ұтқан еді. Бірінші ойында 90:61 есебімен басым түссе, екінші ойын 87:65 есебімен аяқталды. Үшінші матч та астаналықтардың пайдасына шешілді. Есеп - 73:64. Бұл ойында Джерри Джонсон 24 ұпай, Янис Блумс 11 ұпай жинап, үздік ойыншы атанды. «Астана» баскетбол клубы елдегі ең мықты клуб екенін дәлелдесе, атыраулық команда күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде үшін тартыс «Қапшағай» мен «Каспий» командалары арасында әлі жалғасуда. Әзірге есеп - 1:1.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды