Бой Рой Джонс – Андерсон Силва может состояться в Казахстане
ММА жұлдызы Андерсон Силва мен бокс саңлағы Рой Джонстың жекпе-жегі Қазақстанда ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл туралы Владимир Хрюнов sovsport.ru порталына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол жақында UFC президенті Дэйн Уайтпен кездеспек. Кездесу барысында ММА ең үздік спортшысы Андерсон Силва мен әйгілі боксшы кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек талқыланады.
Хрюновтың айтуынша, жекпе-жек Қазақстанда өтуі әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстан тарапы мұндай айтулы шоуды өткізуге қызығушылық танытқан. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді, дейді ұйымдастырушылар. Бұл екі спортшы кездесу өткізгісі келетінін бірнеше рет жариялаған болатын.
Айта кетейік, кәсіпқой бокс жекпе-жегін ұйымдастырушы ретінде танымал Владимир Хрюнов Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазір ол Ресей кәсіпқой боксындағы ең беделді промоутерлердің бірі.