Серебро Первого Кубка Мира по ММА у наших бойцов!
Желтоқсанның 14-де Әзірбайжан астанасы Баку қаласында аралас жекпе-жектен (MMA) Бірінші Әлем Кубогының финалы өтті. Жыл бойы әлемнің әр елінде бес іріктеу кезеңі өтіп, Бакуде ең мықты спортшылар жиналды. Бұл спорт түрі пайда болғанына көп уақыт өтпесе де дүниежүзі бойынша кеңінен қанат жайып келеді.
Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жек (MMA) біріншіліктеріне биылдан бастап ресми түрде қатыса бастады.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен алғашқы Әлем біріншілігінде 77 келі салмақта алтын олжалап, командалық есепте екінші орында тұрақтаған біздің спортшылар Әлем Кубогының финалдық кезеңіне шақырту алған еді.
Жарысқа Ресей, Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Тәжікстан, Румыния және Испания құрамалары қатысты.
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа 70,3 келі салмақта Ермолаев Дмитрий, 77,1 келіге дейінгі салмақта Дагаев Рашид, 84 келіге дейінгі салмақта Макшанцев Евгений, 93 келіге дейінгі салмақта Малаев Рустам, 93 келіден жоғары салмақта Евгений Егембердиев қатысты.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңғалов Баян Маратұлы жетекшілік ететін құрамамыз өте тартысты өткен финалдық бәсекеде ресейлік қарсыластарынан бір ғана ұпаймен жеңіліп, Әлем Кубогының күміс жүлдесімен жарысты қорытындылады. Есеп - 3:2
Жекеленген сын бойынша Рашид Дагаев – алтын медаль, Ермолаев Дмитрий мен Малаев Рустам күміс медаль, Егембердиев Евгений – қола медаль ұтып алды.
Фото: jjf.kz