«Қазақстан Барысы – 2016» турнирінің финалистері анықталды
![](https://i.qazsporttv.kz/old/articles/article_93265.jpg?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылдың «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жеңімпаз атанған 32 палуан ақтық сайысқа жолдама алды, деп жазады kazakhstanbarysy.kz сайты. «Қазақстан Барысы – 2016» турнирінің ақтық сайысына қатысатындар: Ақмола облысы: Мереке Тұрашев, Леонид Станеев Ақтөбе облысы: Дархан Темірханов, Нұрсұлтан Иманғазин Алматы облысы: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв Атырау облысы: Сұңғат Закарияев, Кенжебек Күзембаев Батыс Қазақстан облысы: Олжас Сүлейменов, Сержан Ерлан Жамбыл облысы: Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов Қарағанды облысы: Асыл Бәрменов, Бекзат Ахметбеков Қызылорда облысы: Еламан Ерғалиев, Руслан Әбдіразақов Қостанай облысы: Ерлан Омаров, Абылайхан Қасымхан Маңғыстау облысы: Нұрдәулет Жарылғапов, Ербол Игілік Оңтүстік Қазақстан облысы: Жұманазар Ерсұлтанов, Нұрсұлтан Мыңғышов Павлодар облысы: Самир Мәмедов, Еркебұлан Егінбаев Солтүстік Қазақстан облысы: Алтынбек Аусағитов, Дулат Алпысов Шығыс Қазақстан облысы: Айбек Нұғымаров, Асхат Құсайынов Алматы қаласы: Виктор Демьяненко, Бауыржан Қабай Астана қаласы: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов «Әскер Барысы»: Талғат Әмренов «Қазақстан Барысы – 2015»: Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирі ақтық сайысының жеңімпазы, «Тайтұяқ» пен «Қазақстан Барысы» алтын белбеуі иегері анықталатын дүбірлі дода 3 шілдеде сағат 12:00-де елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.