Трансферные новости «Астаны»
«Астана» баскетбол клубы, «Астананың» шабуылдайтын қорғаушысы Павел Ильин «Каспий» БК (Атырау) жалға берілгені жайлы ресми түрде хабарлайды.
Сол шақта, Қазақстан құрамасының және «Каспий» БК ойыншысы, шабуылшы Виталий Лапченко маусымның аяғына дейін «Астанамен» келісім-шартқа отырды.
Павел Ильин клубтың құрылғанынан бастап «Астана» баскетбол клубымен, өкінішке орай алдыңғы маусымда ол күрделі жарақат алып, қалпына келу үшін бір маусымға кеткен еді. Енді Павел сенімді ойнап, Ұлттық біріншіліктің медальдарына таласта Ақтаулық командаға көмектесер деп үміттенеміз.
Виталий Лапченко «Астана» жұмысымен таныс. Өткен Азия чемпионатында Виталий елордалық клуб бапкерлерінің жетекшілігімен жаттығып, ойнады.
Дэвид Саймонның жарақатынан кейін, «Астанада» «үлкен» ойыншылармен жағдай қиындады, сондықтан «Астана» БК жетекшілігі және бапкерлік штаб Виталий клубқа мықты шабуылшының проблемалық орнын жабуға көмектеседі деп үміттенеді.
Ойыншы литвалық «Нептунасқа» қарсы ойында өз командасына 6 ұпай әкеліп, өзін көрсетіп үлгерді.
Әрине, осындай нәтиже ойыншының өзін қуантты. Виталийдың өзі айтқандай, ол елордалық клубтың ойыншысы болғанына қуанышты.
- «Астана» ойнауға берген мүмкіндік үшін клубтың жетекшілігіне рахмет. Маған осы жерде қатты ұнайды, - деп бастады Лапченко. – Жаттығушылық процесте айырмашылық бірден сезіледі, алғашқы күндері қиын болды, қазір үйрендім. Жаттығу 2-3 сағаттай жүреді, қатты шаршайсын. Команда мені жақсы қабылдады. Көптеген жігіттерді осыған дейін таныдым. Клубтың атмосферасы жақсы. «Нептунасқа» қарсы матчта ойнай алғаным жақты, шынын айтсам, маған сеніп, ВТБ Лигасында ойнауға мүмкіндік береді деп күткен жоқпын. Қазір «Химкиға» қарсы ойынға дайындалудамыз. «Астананың» бапкерлік штабы және басшылығының сенімін ақтауға тырысамын.
bcastana.kz
Читайте также
Все
ПСЖ – Бавария: Прямая трансляция!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина выступит на этапе Гран-при в Японии
03.11.2025, 16:26
«Кайрат» и «Семей» вышли в плей-офф Лиги чемпионов по футзалу
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик уступил в полуфинале
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик вышел в полуфинал турнира Париж Мастерс
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай стала чемпионкой на Азиатских юношеских играх
31.10.2025, 21:41
«Кайрат» начал Лигу чемпионов УЕФА с победы
30.10.2025, 02:05
«Семей» начал Лигу чемпионов по футзалу с победы
29.10.2025, 23:57