Главная Новости ФИФА утвердила состав корзин жеребьевки ЧМ-2014

ФИФА утвердила состав корзин жеребьевки ЧМ-2014

 ФИФА утвердила состав корзин жеребьевки ЧМ-2014

ФИФА арнайы баспасөз мәслихатында футболдан 2014 жылы өтетін  Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алған құрамаларды жеребе тастау үшін төрт кәрзеңкеге бөлді.

Бірінші кәрзеңкеге алаң иелері – Бразилия және рейтингте жоғары сатыда тұрған 7 құрама енді. Қалған елдер географиялық қағида бойынша бөлінді. Африка елдері  екінші, Азия мен Солтүстік Америка елдері үшінші кәрзеңкеге түсті. Төртінші кәрзеңкеде – Еуропа елдері.

1: Бразилия, Испания, Германия, Аргентина, Колумбия, Бельгия, Уругвай, Швейцария;

2: Алжир, Камерун, Чили, Кот-д'Ивуар, Эквадор, Гана, Нигерия;

3: Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Австралия, АҚШ, Мексика, Коста-Рика, Гондурас;

4: Португалия, Франция, Англия, Голландия, Италия, Хорватия, Ресей, Греция, Босния.

Жеребе тастау рәсімі 6 желтоқсанда Мата-ди-Сан-Жуан қаласында өтеді. «KAZsport» телеарнасы бұл шараны тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты – 22:25 (Астана уақыты).

Поделиться