«QAZSPORT» телеарнасы футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын толық көрсетеді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының барлық ойындарын «QAZSPORT» телеарнасында көрсету туралы келісімшартқа қол жеткізді.

Телеарнаның тікелей эфирінде әр турдың бірнеше ойынын көрсету жоспарлануда. Ал, тікелей эфирге шықпаған кездесулерді live режимінде qazsporttv.kz сайтында және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көруге болады, кейін бұл ойындар телеарна эфирінде қайталанады.

Бұдан бөлек, жанкүйерлер «QAZSPORT» телеарнасында Чемпионаттың әр туры аяқталғаннан кейін тікелей эфирде қазақстандық футбол туралы аналитикалық ток-шоу көре алады.

«QAZSPORT» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков отандық футболды көрсетудың алдағы жоспарларымен бөлісті:

- «QAZSPORT» спорт арнасының туған күні қарсаңында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының барлық ойындары біздің телеарнаның тікелей эфирінде көрсетілетінін хабарлау - біз үшін қуаныш. Бұл біріншіден еліміздегі көптеген футбол жанкүйерлерінің сұранысы, тілегі негізінде қолға алынса, екіншіден әлемдік пандемия кезінде стадиондарға барып қолдау көрсете алмайтын барша спортсүйер қауымға үлкен сый деп білеміз. Егер турдағы кездесулер бір уақытта өтіп немесе ойындар кезінде тікелей эфирде үлкен халықаралық іс-шара көрсетіліп жатса, футбол ойындарының көрсетілімі ресми интернет-сайтта жүргізілетін болады. Сонымен қатар, біздер алдағы турдан бастап, барлық ойындар аяқталғаннан кейін тікелей эфирде футболсүйер қауым назарына аналитикалық бағдарлама ұсынамыз. Спорт жанкүйерлерін алдағы уақытта сапалы және сұранысқа сай контентпен қуантамыз деген ойдамын».

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев келіссөздер қорытындысы туралы:

- «Қазақстан» телерадиокорпорациясымен ортақ келісімге келгенімізге қуаныштымыз. Бірігіп OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын көрсетуде осындай қадам жасау маңызды деген пікірдемін. Отандық жанкүйерлердің өз сүйікті командаларын стадионда қолдай алмайтын қиын уақытта бұл шешімге келгеніміз өте маңызды. Бұл кезде телевизия, монитор және смартфондар футбол ойындардын тамашалаудың негізгі көзіне айналады. Осы уақыттан бастап біздер 5 жыл бойы футбол ойындарын түсіріп келген ҚКФЛ-ТВ жобасының тәжірибесімен бөлісе отыра, «Qazsport» телеарнасымен бірігіп футбол трансляцияларын ұйымдастырамыз.

Ертең, 1 шілдеде «Qazsport» телеарнасының эфирге шыға бастағанына 7 жыл толады. Отандық телекеңістіктегі тұңғыш спорттық арнаның туған күніне орай 1 шілде 16:00-де тікелей эфирде арнайы шығарылым ұсынылады. Футбол ойындарының кестесі туралы «Qazsport» телеарнасының әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы хабарланады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды