«БУРЕВЕСТНИК» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ ҚР СУПЕРКУБОК ИЕГЕРІ
![](https://i.qazsporttv.kz/2021/11/15/1636982193637.png?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өскемен қаласында волейболдан ел суперкубогы үшін талас алматылық «Буревестник» және «Тараз» волейбол клубтарының арасында болды. Тартысты өткен матчта оңтүстік астаналықтардың мерейі үстем болып, 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Буревестник» ел суперкубогын қатарынан үшінші мәрте жеңіп алды.