Әлем Чемпионаты. Екінші жарыс күнінің қорытындысы
Қатар жеріндегі Әлем Чемпионатында А және В тобының командалары алғашқы ойындарын өткізді. Егер алғашқы жарыс күні Эквадор құрамасы алаң иелері Қатар құрамасын жеңсе, А тобындағы екінші жұп арасындағы ойында Нидерланд құрамасы басым болды. Сенегал құрамасымен болған ойынның 84-ші минутында Коди Гакпо есеп ашса, 90+9-шы минутта Дэви Классен есепті еселеп, Луи Ван Гал шәкірттері Әлем Чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.
А квартетіндегі Нидерланд және Эквадор құрамасының еншісінде үш ұпай бар.
В квартетіндегі алғашқы ойында Англия мен Иран құрамасы кездесіп 6:2 есебімен тұманды альбион өкілдері жеңіске жетті.
В тобындағы екінші ойында АҚШ және Уэльс құрамалары өзара тең тарқасты. Осылайша, В тобының көшін Англия бастап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19