Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

Арнайы репортаж І Хоккейден Қазақстан құрамасы. Бір қадам артқа
Орал татамиіндегі тартыс І Арнайы репортаж
Ангелина Лукас - Даниела Асенио І Кәсіпқой бокс
Риво Кундиманг - Хусейн Альшаммар І Кәсіпқой бокс
Доп дода | XI тур қорытындысы
Сулис Баррера - Тимур Ибраев І Кәсіпқой бокс
Мөлдір Әзімбек - Валерия Вайдеман І Кәсіпқой бокс
Давид Косара - Тариел Джафаров І Кәсіпқой бокс
Али Мухаммад - Кинг Фахд І Кәсіпқой бокс
ПСЖ – Интер | Футбол | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Финал | Шолу
Шолу І Қайсар - Жетісу І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Ұлытау - Тұран І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Тобыл - Атырау І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Жеңіс - Ордабасы І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Обзор І Ақтөбе - Қайрат І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Оқжетпес - Қызылжар І ҚПЛ І XI тур
Шолу І Елімай - Астана І ҚПЛ І XI тур
Көкпар. Қазақстан Республикасының чемпионаты. 4-ойын
Көкпар. Қазақстан Республикасының чемпионаты. 5-ойын
Бетис - Челси | Конференция Лигасы | Финал | Шолу