Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

Көкпар. Қазақстан Республикасының чемпионаты. 4-ойын
Бетис - Челси | Конференция Лигасы | Финал | Шолу
Көкпар. Қазақстан Республикасының чемпионаты. 3-ойын
Көкпар І Қазақстан Республикасының чемпионаты І 2-ойын
Қазақстан – АҚШ | Футбол | Әлем чемпионаты | Іріктеу | Шолу
Көкпар І Қазақстан Республикасының чемпионаты І 1-ойын
Финал І Швейцария - АҚШ І Хоккей І Әлем чемпионаты І Шолу
Тур по туру | X турдың қорытындылары
Шолу І Тұран - Тобыл І ҚПЛ І X тур
Шолу І Атырау - Қайсар І ҚПЛ І X тур
Шолу І Қызылжар - Елімай І ҚПЛ І X тур
Шолу І Жетісу - Ақтөбе І ҚПЛ І X тур
Шолу І Ордабасы - Ұлытау І ҚПЛ І X тур
Шолу І Астана - Жеңіс І ҚПЛ І X тур
Қазақстан - Қырғызстан І Футбол І Жолдастық матч І Әйелдер
Босния және Герцеговина – Қазақстан | Футбол | Әлем чемпионаты | Іріктеу | Шолу
Шолу І Қайрат - Оқжетпес І ҚПЛ І X тур
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 23.05.2025
Швеция - Чехия І Хоккей І Әлем чемпионаты І Шолу І Обзор
Қазақстан – Польша | Футбол | Әлем чемпионаты | Іріктеу | Шолу | Обзор