Astana Motorsports командасының мүшелері «Дакардың» 10-шы кезеңін аяқтады

Қазақстандық Astana Motorsports командасының жүргізушілері Калама мен Сальта қалалары арасында өткен 10-шы кезеңді сәтті аяқтады. Жарыс жолының 350 шақырымы арнайы аймақ болды, деп хабарлайды Astana Motorsports баспасөз қызметі. Айдын Рақымбаев басқаратын MINI жол талғамайтын көлігі кезеңді 20-шы орында аяқтаса да, жалпы есепте 10-шы орынды сақтап қалды. «Жарыс биіктікте өтті. Мұндай ралли-марафонда болмаған шығар. Бүгінгі максимум – теңіз деңгейінен 4500 шақырым биіктік болды. Сондықтан қозғалтқыш барлық қуатында істей алмады. Соған байланысты, кезеңді кеш аяқтадық. Алайда, жалпы есептегі 10-шы орнымызды сақтап қалдық. Бәрінен бұрын ертеңгі күнді уайымдап отырмыз. Бізге көліктің тез жүргені керек», - дейді Айдын Рақымбаев. Бауыржан Исабаев басқаратын Toyota Overdrive көліге де Айдын Рақымбаев айтқан қиындықтарға тап болды. «Жалпы жақсы жүрдік, алайда көлігіміз биіктік кезінде дұрыс «тартпады». Бұралаң жолда баггиді оздық. Бірақ тегіс, тура жолда «моножетегі» бар көліктер бізді артқа тастап отырды. Сағатына 145 шақырым – бұл біздің бүгінгі кездегі ең жоғары жылдамдығымыз. Енді механиктер қарап көреді. Себебі, біздің қарқын көліктің мүмкіндігіне қарағанда әлдеқайда жоғары», - деп ойымен бөлісті Бауыржан Исабаев. Б.Исабаев пен В.Демьяненко 10-шы кезеңдегі нәтижесі – кезеңде 24-ші, жалпы есепте – 17-ші орын. Артур Ардавичус экипажы жүк көліктері арасындағы жарысты үздік ондыққа жақындап, 12-ші орында аяқтады. Ал, олардың жалпы есептегі нәтижесі – 22-ші орын. «Бүгінгі кезең өте қиын болды. Көлікті 12 сағат жүргізіп, 360 шақырым арнайы аймақ еңсердік, сонымен қатар, адам шыдамас биіктік. Қозғалтқышқа оттегі жетпеді. Бұрылыста қуат керек, бірақ ол жоқ. Ал, кенет бұрылыстарда, әсіресе, таулы жерлерде бұл тіпті қауіпті болды. Мұндай қиындықтар барлық экипаждың басынан өтті. Адам ағзасы үшін де қиын соқты. Біз жарысты ерте бастадық. Қазір кеш, бірақ барлығы араласып кетті. Тек ұйықтап, дем алғымыз келіп тұр», деді «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус. Спортшылар 11-шы кезеңде Сальта мен Термас де Рио Хондо қалалары арасында жарысады. Жолдың жалпы ұзындығы 400 шақырымға жуық, ал оның 200 шақырымы «арнайы аймақ» болмақ.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды