Биаттлоннан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Алматыда биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтуде. Спринтерлер жарысында алғашқы жеңімпаздар анықталды
Әйелдер арасында нысана көздеуден қателік жібермей 22 минут 33 секунд мәре сызығынан өткен Анастасия Кондратьева (Ақмола облысы) жеңімпаз атанды.
Екінші орынға ШҚО өкілі Елизавета Бельченкоиеленсе, қола жүлде қарағандылық Людмила Ахатоваға бұйырды.
Жасөспірімдер арасында үздіктер үштігін Евгения Красикова, Арина Шешукова және Полина Егорова құрады.
Ал ерлер арасындағы жарыста Владислав Киреевтің (Қарағанды облысы) бағы жанды. Ол белгіленген қашықтықты 27 минут 22 секундта өтіп, нысана көздеуде мүлт кетпеді.
Күміс жүлдеге ие болған Тимур Куц (Павлодар облысы) жарыс жеңімпазынан 19 секундқа кеш келсе, Роман Еремин (Ақмола облысы) қола медальға қол жеткізді.
Фото: ҚР ҰОК