«Астана» әлемнің ТОП-70 үздік клубтарының қатарына енді
Елордалық «Астана» футбол клубы халықаралық футбол тарихы мен статистикалары федерациясының (IFFHS) рейтингінде 66-шы орынға көтерілді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан чемпиондары 129-шы орыннан 66-шы орынға көтеріліп, испандық «Валенсиямен» қатар тұр. ТМД елдерінің клубтары арасында елордалық клубтан тек украиналық «Динамо» мен «Шахтер» ғана жоғары. Ал жылдың үздік клубы болып «Атлетико» танылды. Сондай-ақ, ТОП-5 командалар қатарында мадридтік «Реал», «Зальцбург», «Барселона» және туриндік «Ювентус» бар.
Қазақстандық тағы бір клуб «Қайрат» 157-ші орыннан 181-ші сатыға түсіп қалды.
Фото: «Астана» ФК