«QAZSPORT» спорт комментаторларына кастинг жариялайды

Сөз саптауы жақсы, дауыс ырғағы келісті, ойын еркін жеткізе алатын азаматтар үшін «QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларының кастингін жариялайды.  

Іріктеу жұмысы наурыз айының 15-16 жұлдызы күндері өткізіледі. Кастингтің мақсаты – телеарна комментаторларының қатарын жаңа есімдермен толықтыру. Өткен жылдардағы кастингтер барысында 500-ден аса үміткер тыңдалып, озып шыққан 46 комментатор қазір телеарнада жемісті еңбек етуде.

Наурыз айында өтетін 2019 жылдың алғашқы кастингінде іріктелетін комментаторлар:

1. Футбол, баскетбол, хоккей, бокс, волейбол, ұлттық спорт және басқа да арнаның негізін құрайтын спорт түрлерін жетік меңгерген әмбебап;

2. Жекелеген спорт түрлерін зерттеп жүрген;

3. Қазақ немесе орыс тілдерінде еркін ойын еркін жеткізе алатын;

4. Жасы 21-ше толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан таңдалады.

Кастинг 2019 жылы 15-16 наурыз күндері Астана қаласы, Мәскеу көшесі 33А, «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді.

Үміткерлердің резюмелері 2019 жылдың 12 наурызы күні кешкі сағат 20:00 – ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru эл.поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуге корпоративті электронды пошта немесе өзге адамдардың атынан жіберілген резюме иелері жіберілмейді. «QAZSPORT» телеарнасы кастингке қатысуға үмітті азаматтардан өзге мен өз уақыттарын үнемдеу үшін тыңғылықты дайындалып, іріктеу жұмысына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

 Үміткерлердің өздерімен бірге жеке құжаттары болуы шарт.

Әр үміткердің электронды поштасына кастингтің мерзімі көрсетілген шақырту хат жіберіледі.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді