Мәнерлеп сырғанау. Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламаға өтті
Төртжылдықтың басты додасы аясындағы әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша сайыстар аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша 30 спортшының арасынан іріктеліп, үздік атанған 24 спортшы еркін бағдарламаға жолдама алады. Отандасымыз бағдарлама қорытындысы бойынша 57,95 ұпай жинап, жүлдеге таласуға мүмкіндік беретін еркін бағдарламаға жолдама алды.
Ал, екінші отандасымыз Айза Мамбекова аталған сайыстағы өз өнері үшін 44.40 ұпай жинап үздік 24 спортшының құрамына кіре алмады.
Мәнерлеп сырғанау (Әйелдер. Қысқа бағдарлама) (1-бөлім)
Мәнерлеп сырғанау (Әйелдер. Қысқа бағдарлама) (2-бөлім)
Еркін бағдарламалық сайыстар 23-ақпан күні жалғасатын болады.