Мәнерлеп сырғанау. Элизабет Тұрсынбаева 12-орынға тұрақтады
«Пхенчхан – 2018» Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетті.
Жас спортшы мұзға 7-ші нөмірмен шыққан болатын. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша отандасымыз 177.12 ұпай жинап (58.82 – қысқа бағдарлама) жалпы есепте 12-орынға тұрақтады. Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау сайысында ресейлік Алина Загитова жеңімпаз атанса, күміс және қола медаль ресейлік Евгения Медведева және канадалық Кэйтлин Осмонд еншісіне бұйырды.