Жігері жасымаған жеңімпаз
5 қараша күні Румынияда армрестлинг және пара-армрестлингтен 41-ші әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. 54 мемлекеттің өкілдері қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды. Ел қоржынындағы 134 медальдің 51-і — алтын, 40-ы күміс, 43-і — қола жүлде. Оның ішінде 26 медальді пара спортшылар жеңіп алды. Румыния жеріндегі бәсекеде қанжығасын алты
5 қараша күні Румынияда армрестлинг және пара-армрестлингтен 41-ші әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. 54 мемлекеттің өкілдері қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды. Ел қоржынындағы 134 медальдің 51-і — алтын, 40-ы күміс, 43-і — қола жүлде. Оның ішінде 26 медальді пара спортшылар жеңіп алды.
Румыния жеріндегі бәсекеде қанжығасын алтынмен майлаған Зарина Примак спортқа осыдан 4 жыл бұрын келген. Шығыс өңірінің тумасы қол күресіне келгеніне көп болмаса да, бірқатар биік шыңдарды бағындырып үлгерген. Жігері жасымаған спортшы 2 дүркін әлем чемпионы атанып, 3 мәрте Азияны бағындырған. Сондай-ақ, Әлем кубогінде топ жарған.
Зарина үшін румын жеріндегі жеңістің орны бөлек. Ресей мен Түркия елінің спортшыларын қапы қалдырып, өзінің көздеген мақсатына жетті. Жерлесіміз бұл жеңіспен тоқтап қалмаймын дейді. Пара пауэрлифтингтен өтетін жарыстарда бақ сынағысы келеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда шығыс жерінде 2150 мүмкіндігі шектеулі жан спортпен шұғылданады екен.
Елімізде ерекше жандарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Мысалы, 2015 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен кембағал жандарға арналған спорт клубы бой көтерді. Бұл жерде үстел теннисі, суға жүзу, пауэрлифтинг, армрестлинг, футбол, шаңғы тебу, ат спорты, парадзюдо сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда аталмыш клубта 490 адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Бүгінгі чемпионымыздың жеңісті жолы дәл осы жерден басталды.