Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. WTA рейтингінде 2141 ұпай жинап, 25-тен 19-орынға көтерілді. Осылайша, Елена үздік 20-лыққа кірген тұңғыш қазақ теннисшісі атанды. Бұған дейін ең жоғары көрсеткіш Ярослава Шведоваға тиесілі болды. Ол 2012 жылы 29 қазанда шыққан WTA рейтингінде 25-орынға ие болды.
Сонымен қатар Юлия Путинцева 34-тен 32-ге жоғарыласа, Зарина Дияс бұрынғы 63-орнында қалды. Әлемдік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Румыниялық Симона Халеп екінші, чехиялық Каролина Плишкова үшінші орында.