ATP және WTA рейтингтерінде Қазақстандық теннисшілер жоғарылады.
Отандық теннисшілер арасынан Зарина Дияс төрт саты жоғарылап, ТОП-100 теннисшілер қатарына енді. Юлия Путинцева рейтингтегі 44 орнын сақтап қалды, ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі саты төмендеп, әдемдік рейтингте 19 орында.
Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы рейтингті Австралиялық Эшли Барти бастап тұр.
Ерлер арасында Александр Бублик өз мансабындағы үздік нәтижесін қайталап, 34 орынға жайғасты. Михаил Кукушкин 12 саты төмендеп, 159 орында. Тимофей Скатов болса, үш сатыға жоғарылап, 266 орында келеді. Дмитрий Попко 162 орынға жайғасты.
Ерлер арасында көш басында Сербиялық Новак Джокович.